Бүгінде ауданымыз дамудың даңғыл жолына түсіп, түрлі салада қызмет көрсету нысандары ашылып, жұмыс жасауда.
Бүгін Жаңатас қаласында жаңадан бой көтерген «»Жібек жолы – 2» мейрамханасының ашылу салтанаты өтті.
Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, аудандық мәслихаттың хатшысы Шаттық Мұсабеков қатысып, сөз сөйледі.
Қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, қаламыздың көркейіп, әлеуметтік нысандардың санының артып келе жатқаны аудан тұрғындары үшін қуанышты жаңалық екенін айтты.
Өңір экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген, жаңа мейрамхананың иесі, жеке кәсіпкер Мұрат Төлепбековке алғыстарын білдірді.
Жаңа мейрамхананың лентасы салтанатты түрде қиылып, аудан тұрғындарына дастархан жайылды.
Туған жердің гүлденуіне өзінше үлес қосатын жаңа заманның елжанды азаматтары көп болғай деп аудан ақсақалдары бата берді.
Ел игілігіне ұсынылған нысан 500 адамға арналған.
Заманауи үлгіге сай жабдықталған.