Сарысу аудандық сайлау комиссиясының Жайылма ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы хабарламасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі әкіміне төмендегі кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Өзін-өзі ұсынған Ерсейтов Жандос Байкадамулы, 1989 жылы туған, «Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ бас маман, Жаңатас қаласында тұрады.
«AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған Смагулов Жандарбек Бекболатович, 1974 жылы туған, Жайылма ауылдық округінің әкімі, Жайылма ауылында тұрады.
Өзін-өзі ұсынған Советов Нурсултан Саулетович, 1990 жылы туған, «Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ, бас маман, Жаңатас қаласында тұрады.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясы