ҚАБЫЛДАУ

ҚАБЫЛДАУ
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу, жер алу, отын, көмір алу және жұмысқа орналасу мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң шеңберінде шешу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.
Кейбір мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.