КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жергілікті атқарушы органдар қазірден бастап қолға алуда.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары, аудандық эвакуациялық комиссияның төрағасы Қ. Амановтың төрағалығымен 2023 жылғы көктемгі су тасқыны мерзімін өткізуге дайындықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында 2023 жылы су тасқыны кезеңін апатсыз өткізу бойынша Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, эвакуациялық комиссияның мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берілді.
Көктемгі су тасқынына дайындық және алдын алу мәселесі аудан әкімдігінің бақылауында.