2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жұмыстары бойынша Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен 2023 жылғы 28 қаңтарда Сарысу ауданында көшпелі семинар-тренинг болып өтті

        Семинар-тренингке  Сарысу ауданы әкімінің орынбасары,  аудан әкімінің аппарат басшысы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы, кірістер басқармасының маманы, полиция бөлімінің бастығының орынбасары, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары қатысты.

          Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауын дайындау және сайлау  заңнамасының жаңа енгізілімдері, сайлау алды үгіт туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары  С.Мәдиева баяндама жасады

          Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың ұсынылу мен тіркелу тәртібі, сайлаушылар тізімін қалыптастыру ерекшеліктері туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Т. Жамалов таныстырып өтті.

          Сайлау процесін ақпараттандыру, сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы сайлау комиссиясының мүшесі М.Сембеков, сайлау құжаттарының нысандары туралы  комиссия мүшесі Е.  Жапаров баяндап, әр нысандар бойынша ақпарат берді.

            Семинар-тренингке қатысушылар сайлауды өткізудің заңдылығы, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу тәртібін, байқаушылар мен сенімді өкілдердің міндеттері туралы кеңінен ақпарат алып,   сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті.             

           Жиынды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасының орыбасары С.Қ.Мадиева қорытындылап, аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді заң талаптарына сәйкес жүргізуді тапсырды.