Бүгін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев әкімдіктің мәжіліс залында «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін салтанатты түрде қабылдады.
Шара барысында әр түлекпен жеке-жеке танысып, алдағы ұлттық біріңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, үлкен өмірде биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.
Айта кетсек, биылғы оқу жылында 18 бірдей оқушымыз «Алтын белгімен» және 30 оқушы «Үздік аттестатпен» аяқтады.