
Республикалық өнер додасының тізгінін ұстаған айтыскер ақын Алик Бекмұсаев сахна төріне барлық айтысқа қатысушы ақындарды шақырып, көпшілікке таныстырды. Олардың қатарында Жамбыл облысынан: Алтынкүл Қасымбекова, Асхат Қылышбеков, Айтмұханбет Исақов, Нұрлыбек Құрманов, Қанат Мырзахан, Талғат Құсайынов, Әсет Дүйсебаев, Есет Досалы бақ сынауда.