КЕЗЕКТІ АҚПАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АҚПАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Сарысу ауданы әкімі Марат Қырғызәліұлының төрағалығымен кезекті ақпараттық жиын өтті. Жиналыста жалпы жүргізілген жұмыстар пысықталып, алдағы уақытта атқарылатын мәселелер қаралды.
✅Бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігі бөлімдерінің ақпараты негізінде ағымдағы жылдың І-ші тоқсан қорытындысымен жауапты бөлімдер мен мекемелерде келесідей индикаторлар орындалмаған.
⚜Бұл туралы бүгінгі ақпараттық кеңесте Сарысу ауданы экономика бөлімінің басшысы Ж.Сұлтан баяндады.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде – 2 индикатор.
- «Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі» индикаторы бойынша тапсырма толық орындалмаған І-ші тоқсан жоспары 102,0 %, нақтысы – 40,5 %
- «Жергілікті қамту үлесін арттыру (мемлекеттік сатып алулар)» бойынша тапсырма толық орындалмаған І-ші тоқсан жоспары 40,0 %, нақтысы – 22,0 %.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде– 4 индикатор.
- «Арзандатылған бағада азық түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру» индикаторы бойынша жұмыстар атқарылғанымен, тапсырма толық орындалмаған І-ші тоқсан жоспары 33 жәрменке, нақтысы – 13.
Тағы сол секілді күн тәртібіндегі атқарылуға тиіс жоспарлар әліде бірнеше мекеме қалыс қалып, орындалмай қалған шаруалар жеткілікті екенін жеткізді.
✅2-мәселе бойынша
⚜️Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Гүл Алтынбекова Мамыр айында өтетін мерекелік іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.
1 мамырды мерекелеуде басты назар этносаралық келісім мен толеранттылықты насихаттауға, ұлттық-мәдени құндылықтары-мызды нығайтуға бағытталып отыр.
Ал, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған іс-шаралар кешенінің мазмұндық аспектісі жастарға патриоттық тәрбие беруді, Отанды сүюді, ұрпақтар сабақтастығын дамытуды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен Тыл еңбеккерлерінің еселі еңбектерін баршаға жеткізуді көздейді.
Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдіктері жоспарда көрсетілген мерзімдерге дейін Қазақстан халқының бірлігін, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығын, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық және оларды өткізудің өңірлік жоспарларын бекітуі қажет;
Сондай-ақ, сәуір айының соңына дейін қала мен ауыл әкімдері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерге, даңқ тұғырлары мен басқа да монументалдық құрылыстарға аббаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу қажет.
Мерекелердің идеялық мазмұнына сәйкес, елді мекендерді безендіру жұмысы да уақытылы атқарылуы тиіс.
Яғни, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған көрнекіліктер - 25 сәуірге дейін, Отан қорғаушы мен Жеңіс күніне арналған тақырыптар - 3 мамырға дейін орналастырылуы керек.
Мереке күндеріне жасалған іс-шаралар бағдарламасына сәйкес, барлық шаралар 28 сәуір мен 9 мамыр аралығында өтетін болады.,-делінген кезекті ақпараттық баяндамада.
✅Үшінші мәселе бойынша Досбол ауылындағы «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы ұзартылып, ішіне 700 түп тал отырғызылды.
⚜Бұл туралы бүгінгі ақпараттық кеңесте Досбол ауылдық округінің әкімі Н.Молдабековтың баяндады.
Сондай – ақ, Кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары тек Досбол ауылына жоспарланса, тиісті атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 576 165 теңгеге Шағалалы, Үлкен Көкдала және Кіші Көкдала ауылдары да толық дәріленетін болды. Ауылдық округте кенеге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көрнекіліктер ілінген.
Ауылдық округте 26 шаруа қожалық тіркелген, оның жұмыс істеп тұрғаны 23 шаруа қожалық, оның 71 пайызы яғни 16-і мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. МІҚ малын асылдандыруды 7 шаруашылық, қой малын асылдандыруды 9 шаруашылық жүргізуде.
Сонымен қатар 2021 жылдан бастап қолға алынған және алдағы күн тәртібінде тұрған кезекті жұмыстар баян етілді. Олар Шағалалы ауылына газ құбырын тарту;
Шағалалы ауылына ауыз су жүйесін тарту;
Шағалалы–Досбол (13,5 км), Досбол – Үлкен Көкдала(25 км) бағытындағы жолдарды жөндеу екенің атап өтті.