
–Біздің аудан спортшылары байрақты бәсекелерде табандылық танытып, биік белестерді бағындыруда. Қуантарлығы сол, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшыларымыздың қатары жыл санап көбейіп келеді. Тек биылдың өзінде аудан спортшылары халықарылық және республикалық біріншіліктерде 67 медальға қол жеткізді. Бұл спортшылардың үлкен табысы еліміздің спорт шежіресінде орын алары анық. Әрине, осы ретте жаттықтырушылардың да еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн. Бұл жетістіктер одан әрі еселенуі тиіс. Әлемдік, халықаралық, республикалық турнирлердегі жеңіске деген жігерлеріңіз арта берсін! – деді аудан басшысы, спорт жанашыры Марат Қырғызәліұлы жас өрендерді құттықтау сөзінде.