Пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару бүгінгі күн талабы

Пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару бүгінгі күн талабы
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 16 жер көлемі 870,22 га оның ішінде иесіз мүлікке тіркеліп 1 жыл мерзімі толған 7 жерді, көлемі 136,0 га мемлекетке қайтару үшін сотқа талап арыз берілді. Аудан әкімнің 2021 жылғы 31 тамыздағы №140 қаулысымен 9 жер, көлемі 734,22, га жер иелерінің өз еріктерімен қайтару туралы өтініштеріне сәйкес ауданның жер қорына қайтарылды.
Жыл басынан мемлекетке қайтқаны 19 жер, көлемі 5575,8 га болды,оның 31,6 га суармалы егістік, қалғаны 5544,1909 га жайылымдық. Жылдық жоспар 50,6 пайызға орындалып отыр.
Жақында аудан әкімдігі тарапынан ауыл маңындағы жайылым жерлерді мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталады.
Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Ұзақбеков