Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру

Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру

Талай біз әмияндарымыз  ұрланып, өз аңсыздығымыздан сөмкелерімізді, мысалы, қоғамдық көлікте ұмытып кетіп,  жайсыз жағдайларға тап боламыз.  Бұл жағдайларда жеке нәрселермен бірге жеке куәлік, жүргізушінің куәлігі және т.б. сияқты құжаттар да жоғалады.  Осы мақала жеке куәлік  жоғалған немесе ол ұрланған жағдайда қандай шараларды қолдану қажет екендігін ойға салады.

Ең алдымен  сіз Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес (492 бап Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру), Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша  тіркеусіз тұруы   – ескерту жасауға, үш айдан астам мерзімде – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы  білуіңіз қажет.

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған  немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін  тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінеді.

 

 

Бөлім басшысы                                                                            Қ.Б.Аманкулов