2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды шектеусіз айырбастау

2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды шектеусіз айырбастау

Халықтың көптеген өтініші негізінде, сондай-ақ, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылы 24 мамырдағы қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі айналыстан шығарылған банкноттардың мерзімсіз айырбасталуын белгілейді. Осылайша, 2021 жылдың 14 маусымынан бастап Ұлттық Банктің барлық филиалдары айналымнан шығарылған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайды және олардың дұрыстығын растағаннан кейін оларды жаңа үлгідегі банкноттарға ауыстырады.

2006 жылғы үлгідегі банкноттар

Сонымен қатар, жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай ішінде ескі банкнот қатар қолданыста жүреді. Басқаша айтсақ, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады және оларды бір жыл бойы барлық төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті екенін атап өткен жөн.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық Банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелерінен де, «Қазпошта» АҚ бөімшелерінен де айырбастап алуға болады.

Егер де белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде ЕДБ пен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде айырбастай ала алмай қалған жағдайда, онда Ұлттық Банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды.

Жамбыл облысының тұрғындары 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында (Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй) жұмыс күндері сағ. 09-00-ден 15-00-ге дейін комиссиясыз немесе айырбастау үшін төлемсіз айырбастай алады.

Қолма-қол ақша айналысына қатысты барлық туындаған сұрақтар бойынша: Тараз қ., Қазыбек би көш., 137 үй мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Жамбыл филиалына және 8 (7262) 999-341, 999-350 телефондары бойынша жүгінуге болады.

Сонымен қатар, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпарат www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық валюта» бөлімінде орналасқан.

ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы