КВИ-МЕН КҮРЕСТЕГІ ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ШЕШІМ – ВАКЦИНА

КВИ-МЕН КҮРЕСТЕГІ ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ШЕШІМ – ВАКЦИНА
“Коронавирус - аэрозольды жолмен таралатын ауру.
Екі метр қашықтыққа дейін әбден жұғуы мүмкін.
Бүгінгі таңда сырқаттанған науқастар ауа жетіспей, жандары қысылуда.
Дәрігерлер мен мейірбикелерге ем алушының қиналғанын көру өте қиын.
Сол үшін дер кезінде екпе алып, жақындарымызға қамқор болуға шақырамын.
Бұл ретте індеттің қайта өршіп кетпеуі үшін босаңсымай, сақтық шараларына лайықты деңгейде көңіл бөліп жүрген маңызды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде КВИ-мен күрестегі жалғыз сенімді шешім вакцина екенін айтты.
Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор.
Бұл қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады және вакцина ала алмайтын әлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатта Сарысу ауданында алдын алу, сақтық шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда.
Баршаңызды бірлесіп, індеттің алдын алу жолында күресуге шақырамын.
Гүлнұр Алтынбекова, Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы