Сарысу ауданы 1928 жылы 03 қазанда құрылған. Жалпы аумағы – 31,3 мың км2 құрайды. Облыс орталығы Тараз қаласынан 180 шқ қашықтықта орналасқан.
Әкімшілік – аймақтық бөлінісіне сәйкес 1 қала 9 ауылдық округ болып қалыптасқан. Барлығы 25 елді-мекен.
Халық саны 44593 адам. Ауданның ұлттық құрамының 93,3 пайызын немесе 41,4 мың қазақтар құрайды. Орыстар – 2,0 мың, күрдтер - 0,5 мың, басқалар – 0,5 мың. (2020 ж. 44545 адам, + 48 адамға көбейген)
Ауданда 14 мешіт, 1 намазхана, 2 шіркеу бар. Үкіметтік емес ұйымдар саны – 17.
Жалпы саяси ахуал тұрақты.
Аудандағы эпидемиологиялық ахуал
Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Жыл басынан КВИ мен пневмония 302 азамат індет жұқтырған(кви-44, пневмония-258). Қазіргі таңда індет анықталған науқастар саны - 44 (О.і 2 бала, 2019, 2016 ж.т)
Жұқпалы аурулар бөлімінде 34 науқас ем қабылдауда (дайындалған төсектің 42,5 %). Олардың шағымдары жоқ.
80 инфекциялық төсек кислород жүйесімен қамтылған. 9 ИВЛ, 36 концентратор бар. Медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдары жеткілікті.
Дәрі-дәрмектердің 3,5 айға жеткілікті қоры қалыптасқан.
Әкімдік жанынан құрылған 3 мониторингтік топтардың жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан 187 рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды.
Карантин талаптарын бұзған 34 жеке, 1 заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,8 млн.теңге айыппұл салынды және 100 пайыз өндірілді (2021 жылы 13 жеке тұлға 904,2 мың тг).
Сонымен қатар, ауданда 12 нысанда «Ashyq» жобасы бар, олардың саны өсуде.
Тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.
Ауданда 7 егу пункттері орналасқан (о.і. жылжымалы -1).
Жалпы, ауданда 19168 адам вакцинациялауға жатады (25425 адам вкцинациялауға жатпайды).
Жыл басынан ауданға вакцинаның 18950 дозасы келді (о.і. 1-ші компонент – 10525 доза, 2-ші компонент – 8425 доза).
Бүгінде, 10 161 азамат (орындалуы 53%) вакцинаның 1-ші компонентін салдырды (орындалуы 52,4%, келген вакцинаның 95,4 пайызы).
2-ші компонентті сәйкесінше 5 103 адам қабылдаған (келген вакцинаның 60,1 пайызы).
Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.
Ауданның экономикалық көрсеткіштеріне тоқталсам
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі салаларында оң нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, дегенмен өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бір көрсеткіштің орындалуы төмен болып қалыптасып отыр, слайдта көрсетілген.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің жоспары 27,8 млрд.тг болып бекітілген
2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп көлемі 16,3 млрд. теңге болып қалыптасып отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,9 %-ды құрады.
Өнеркәсiп саласындағы өндірілген өнімдер негізінен тау-кен өндіру саласының 99,8 %-ы немесе 15,8 млрд. теңгенің өнімдері «ЕвроХим» ЖШС–гі мен «Казфосфат» ЖШС компаниялары арқылы өндіріліп отыр.
Жыл қорытындысы бойынша меже толық орындалады.
Өңдеу өнеркәсібінде – 370,0 млн. теңгені (0,6 %), электрмен жабдықтау, бу беру және ауа баптау – 945,1 млн.теңгені (2,4%) және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі – 46,6 млн. теңгені (0,1 %) құрады.
Ауыл шаруашылық саласы
Ауыл шаруашылығының дамуында оң динамика қалыптасқан. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен пандемияны ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды.
Ауыл шаруашылығы саласында өндiрiлген өнiм көлемінің жоспары 16,4 млрд. теңге болып бекітілген.
Көрсеткіш 2021 жылдың жарты жылдығы бойынша 3,6 млрд. теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 %-ға орындалды (жылдық жоспардың орындалуы 22%). Оның ішінде:
- Егін шаруашылығы – 4,4 млн. теңге
- Мал шаруашылығы – 3 362,4 млн. теңге
Жалпы бұл көрсеткіштің орындалу ерекшелігі мезгілге, яғни, жаз және көктем айларында сұраныс пен өнімнің артатындығын атап өткім келіп отыр. Жылдық жоспар толық орындалады.
2022 жылы 455,2 млн. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба («Миллениум Сокол» ЖШС, қой шаруашылығы дамыту) іске асырылып, тұрақты 6 жұмыс орны ашылады.
Егін шаруашылығы:
Егістік алқабы 23815 гектарға жетті, 2020 жылмен салыстырғанда 1441 гектарға артты. Соңғы үш жылда 411 гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, көлемі 3999 гектарды құрады. Су үнемдеу технологиясы 85 гектарға жеткізілді.
Мал шаруашылығы:
Мал азығын дайындау жұмыстары да қызу жүрізілуде. 101200 тонна пішен дайындау жоспарланып, бүгінге 102,4 мың тонна (101.2%) дайындалды.
Мал шаруашылығы бойынша 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында мүйізді ірі қара - 24 518 басқа, қой-ешкі – 281 660 басқа, жылқы – 8 082 басқа, түйе – 3 170 басқа, құс – 25 308 басқа жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 878 басқа, қой-ешкі – 6 782 басқа, жылқы - 182 басқа, түйе – 514 басқа, құс – 9314 басқа артты.
Өндірілген ет 3441,5 тн (104,9%), сауылған сүт барлығы 3014,6 тн (103,9%), жұмыртқа 2030,1 мың дана (103,0%), ірі қара малдан алынған тері 3801 дана (112,2%) және уақ малдан алынған тері 25434 дана (104,7%).
Ауданда 5062 аула бар. «Құрбан айт» мерекесінде 26 МІҚ, 1 түйе, 2136 қой құрбандыққа шалынды (барлығ 2163 мал, барлық ауланың 42,7%).
Құрылыс жұмыстарының көлемінің жылдық жоспары 11,6 млрд теңге болып бекітілген
Жыл басынан бері ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 2 588,5 млн. теңгені (жылдық жоспардың орындалуы 16,3 %) немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құрап отыр.
Осы көрсеткіштің орындалуы бойынша бюджет есебінен 8,1 млрд. теңге және жеке инвестиция есебінен 4,7 млрд. теңгеге құрылыс көлемі орындалады деп күтілуде.
Аудан бойынша 73 нысанында құрылыс жұмыстары атқарылуда. Оның ішінде бүгінгі күнге 35 нысанның құрылысы аяқталды.
Межені толық орындауға мүмкіндік бар және орындаймыз.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жылдық жоспары 19 600 шаршы метр
Жыл басынан бері ауданда жалпы алаңы 6 435,0 шаршы метр болатын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 76,3 пайызды құрады (1-60-56 пәтер 3060,0 ш.м. және 41 жеке тұрғын үй).
Орындалмау себебі: 2020 жылдың 6 айында 4 ш.а №15 көпқабатты тұрғын үй, жеке меншіктегі 4 ш.а. №2 көпқабатты тұрғын үй және 75 жеке тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, көрсеткіш 8436,0 ш.м. құрады. Осының салдарынан 2021 жылдың қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіш орындалмады. (2020 ж. – 8 436,0 ш/м 102,6%).
2021 жылдың ІІІ тоқсанында 1 көпқабатты (1 ш/а №15А 56 пәтер 2798,3 ш.м ш.м.) тұрғын үй және жыл қортындысымен қосымша 2 қөпқабатты тұрғын үйді (1 ш/а №41 140 пәтер 6958,0 ш.м. және №47 6455,0 ш.м. 120 пәтер) пайдалануға беріп, көрсеткішті 22646,3 ш.м. ге немесе 117,9 пайызға орындау жоспарда бар.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің жылдық жоспары 25,0 млрд. теңгені құрайды
6 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 12,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,3 %-ға орындалды (жылдық жоспардың 48,4 %).
Аудан бойынша 2021-2025 жылдары іске асырылуы жоспарланған ірі 11 маңызды жоба (765,0 млрд. тг) бақылауға алынған. Оның ішінде 2021 жылы 4 жоба іске қосылса (сүт цехы, ЖЭС, ГТС, МиллениумСокол), 2022 жылы 3 жоба іске асырылады деп күтілуде (Интеррин, цемент зауыты, құс фабрикасы). Қалған 4 жоба ұзақ мерзімді, іске асырылу уақыты 2023-2025 жылдарға көзделген (Қазақ сода, Сарысу ВЭС, «Казхимикалс» ЖШС мин.тыңайтқыш өңдеу, «ЕвроХим-Қаратау» 2 кезеңі).
Бөлшек сауда тауар айналымының жылдық жоспары 1 985 млн. теңге
6 айдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы - 800,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8 %-ға орындалды (жылдық жоспар 40,3%).
А.ж. 1 маусымына 3 460 МСБ субектілері тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 104,6%-ға артқан (2020 жылы 3307). Оның ішінде 3 655 адам жұмыспен қамтылған (шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 169, жеке кәсіпкер – 2 481, шаруа қожалықтар саны – 810).
Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 62 жоба 432,6 млн.теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізді. 6 жоба 96,0 млн.теңгеге құжаттары тиісті мекемеге жолданды, қосымша 38 азаматқа шағын несие алуға жолдама берілді.
-«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында аграрлық несие корпорациясы арқылы 10 жоба 42,4 млн.теңгеге және ауылшаруашылық қаржылай қоры арқылы 16 жоба 84,8 млн. теңге көлемінде шағын несиеге алынды. 6 жобаның 96,0 млн. теңгеге құжаттары қарастырылуда, қосымша 38 азаматқа шағын несие алуға жолдама берілді.
-«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 6 айдың қорытындысымен екінші деңгейлі банктер арқылы 30 жоба 228,4 млн.теңге қаражатқа қол жеткізді.
Инфрақұрылым тарту тетігі бойынша жалпы 3 жоба 929,1 млн. тг бюджетке бөлінді (электр жүйесін тартуға Қазақ Сода – 398 млн.тг, Цемент зауыты – 505 млн. тг, «Шалқыма» ШҚ – 26,1 млн. тг).
Алдағы уақытта аталған жобалар аясында «Қазақ Сода» ЖШС-не су құбырын салуға 5,3 млрд. теңге және «Асыл тұз» ЖШС-не темір жол тартуға 241 млн. теңге көлеміндегі сұранысы мақұлданып, Министрлікке ұсынуға тиісті құжаттары рәсімделуде.
Бюджеттің атқарылуы
2021 жылға бекітілген бюджет – 13,6 млрд.теңгені құрайды. Оның ішінде өзіндік кірістер – 1,8 млрд. теңге, трансферттердің түсімдері – 11,8 млрд.теңге болып бекітілген.
Жыл басынан атқарылған жұмыстарға нәтижесінде нақтыланған бюджет 1,1 млрд. теңгеге артты.
Оның ішінде өзіндік кірістер - 133 млн.теңгеге, трансферттер – 974,8 млн.теңгеге артты.
2021 жылдың 6 айында бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің орындалуында да оң динамика байқалады. Аудандық бюджеттің кірістер жоспары 107,6 пайызға орындалды (жоспар 6 310,9 млн.теңге болса, орындалғаны 6788,1 млн.теңге).
Бөлінген қаражаттар толық игерілуде (орындалуы 99,7 %).
Білім саласы бойынша
Сарысу ауданында жалпы 62 білім беру мекемесі бар. (Оның ішінде 27 мектеп, 9 қосымша білім беру мекемелері, 11 балабақша, 14 шағын орталық және 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті).
Биылғы оқу жылы 556 сыныпта 9 209 оқушы білім алып, өткен оқу жылымен салыстырғанда жалпы оқушылар саны 330 оқушыға немесе 104 %-ға артты (2019-2020 оқу жылында 547 сыныптағы 8 879 оқушы).
ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда жалпы орташа балл – 70,1 балды құрады (2020 жылы – 65 балл). Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылында жалпы мектеп бітірушілер саны – 349 оқушы. О.І. ҰБТ тапсыруға өтініш берген 289 оқушы, яғни 82,8 %-ы.
Білім саласына қатысты 3 жоба 624,7 млн. теңгеге ПСД мен мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, тиісті басқармаға ұсынылды (Жаңаталап о/м спорт зал құрылысы 119,7 млн. тг. жапсарлас асхана және мәжіліс зал құрылысына 95,1 млн. тг, Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салуға 409,9 млн.тг).
Алдағы нақтылаудан осы жобаларға қолдау білдіруіңізді сұраймын.
Спорт саласы
Ауданда 184 спорт нысаны бар. Спорт саласын дамытуға ағымдағы жылы 228,6 млн.теңге қарастырылды. Аудан тұрғындарының 33,0% спортпен жүйелі түрде шұғылданады (14682 адам).
Жыл басынан бері аудан спортшылары 145 медальға ие болды (28 алтын, 53 күміс, 64 қола).
Спорт саласына қатысты 2 жоба 1 215,2 млн. теңгеге ПСД әзірленіп, тиісті басқармаларға ұсынылды.(Тоғызкент ауылына спорт кешені 437,2 млн. тг, Жаңатас қаласы «Жастар» спорттық – сауықтыру кешені құрылысына 778,0 млн. тг).
Аталған жобаларға өзіңіздің тарапынан алдағы нақтылауда қолдау білдіруіңізді сұраймын.
Денсаулық сақтау саласы
Ауданы бойынша барлығы 26 медициналық ұйым бар (аудандық орталық аурухана – 1, аудандықорталық емхана – 1, Саудакент ауылдық емхана – 1, Дәрігерлік амбулатория – 6, фельшерлік-акушерлік пункт – 4, медициналық пункт - 13). Ғимараттарының жағдайы жақсы, жөндеуді қажет етпейді. Алайда, 2 елді-мекен медициналық пунктпен қамтылмаған (Ақтам - 16 үй, Әбілда - 24 үй). Тиісті басқармаға ұсыныс берілетін болады.
Жалпы медицина қызметкерлер саны - 740, дәрігерлер саны – 67 (оның ішінде 9 дәрігер жоғарғы, 16 бірінші, 9 екінші санаттағылар). Орта буын медицина қызметкерлер саны - 330.
Ауданда 5 дәрігер маманы жетіспейді (олар: офтальмолог, невропатолог, балалар дәрігері, травматолог, балалар реаниматолог).
Өзіңізге баяндағандай Саудакент ауылындағы туберкулез диспансерін қарттарды сауықтыру кешеніне айналдыру мәселесі тиісті басқармаларымен пысықталуда. Нәтижесі бойынша қосымша баяндайтын боламыз.
Елді-мекендерді ауыз сумен қамту
Аудандағы елді–мекендер саны 25, оның ішінде орталықтандырылған сумен 18 елді-мекен қамтамасыз етілген (72,0 пайыз).
3 елді-мекенге ауыз су жүйесі құрылысын салуға ПСД әзірлеуге аудандық бюджеттен 14,1 млн.теңге бөлініп, құжаттар дайындалған соң 2022 жылға бюджеттік өтінім берілетін болады (Үшбас, Шағалалы, Ақтоғай).
Елді-мекендердің тозығы жеткен су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге 5 елді-мекенге жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қарастырылуда (Саудакент, Жайылма, Қамқалы, Шығанақ, Тоғызкент).
Аталған жобалар қолдау тапқан жағдайда елді-мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 72 пайыздан 80 пайызға дейін артатын болады (бұл көрсткіш 2019 жылы 56 пайызды құраған).
Елді–мекендерді газдандыру.
Ең бір маңызды мәселе - газдандыру. Бүгінгі таңда 25 елді-мекеннің 4-і немесе 16% табиғи газбен қамтылған (Досбол, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілдә 2469 адам 5,6%).
Ауданда 2 нысанның құрылысы жүргізілуде(«Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы». Жобаның жалпы құны 7,7 млрд.теңгені, 2021 жылға 2,2 млрд.тг) (Жамбыл облысы Сарысу ауданы 14 елді-мекендерін газ құбырларын салу мен газдандыру, конкурстық құны 7,7 млрд. 2021 жылға қаржы – 2,2 млрд., теңге).
Аталған жобалар аяқталған соң (2019-2023 ж.ж.) ауданның газбен қамтылу үлесі 72 % немесе адам санына шаққанда 96,8 % - ға жетеді деп күтілуде.
Қосымша Шағалалы елді-мекеніне (37 үй, 212 адам) 105,0 млн. теңге құрайтын 1 жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
Газ құбыры өтіп жатқан жолдан не бары 9 шақырымды құрайды. Елді-мекен тұрғындарымен кездесу барысында үнемі көтерілетін басты мәселелердің бірі болуына байланысты, аталған жобаны алдағы нақтылауда қолдауыңызды сұраймын.
Автокөлік жолдары
Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 525,5 шақырымды құрайды (облыстық маңызы бар - 271,8 шқ, аудандық мәні бар жолдар - 64,87 шқ, елді-мекен шегіндегі - 188,8 шқ).
Мемлекеттік бағдарламалар аясында 1,3 млрд. теңге бөлініп, 47,5 шқ жол орта жөндеуден өткізілуде.
(«Ауыл Ел - бесігі» жобасы аясында 5 елді-мекеннің 11 көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Ұлттық Қорынан - 185,8 млн. тг, аудандық бюджеттен 20,6 млн. тг – барлығы 206,4 млн. теңге бөлінді).
Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 65,5%-дан 75,5% жететін болады (облыстық маңызы бар жолдар үлесі 61,8 %-дан 72 %-ға, аудандық автожолдардың үлесі 63 %-дан 79,7%-ға, елді-мекен көшелері 73 %-дан 78,4%-ға).
Облыс басшысының бастамалық жобаларының орындалуы
Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, өзіңіздің бастамаңыз бойынша аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру үрдіске айналды. Соның бірі - «Асар» жобасы. Жоба аясында 2020 жылы 7 мұқтаж отбасыға аудан тұрғындарының көмегімен баспаналы болды.
А.ж. тағы 9 үйдің құрылысын салу жоспарланып отыр. Күні кеше 1 баспана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (А.ж. III тоқсанында 3 нысан, IV тоқсанда қалған 5 нысан пайдалануға берілетін болады).
Аудан бойынша соңғы 30 жылда мектеп бітірген түлектер саны – 13978. О.і. «Жомарт түлек» kz сайтына 10 691 азамат немесе 76,5 пайызы тіркелді. Өткен жылдан бері мектеп түлектері тарапынан 17,6 млн. теңге көлемінде түрлі демеушілік көмектер көрсетілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Өзіңіздің бастамаңызбен «Таразға тарту» жобасы бойынша Тараз қаласы аумағында 1 нысанды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Елорда күніне орай пайдалануға берілді және 1 көпқабатты үйдің сыртын бояу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік көрсеткіштерде оң динамика байқалады.
Биыл АСП (атаулы әлеуметтік көмек) 481 отбасына тағайындалды (2 429 адам). Былтырғы жылмен салыстырғанда АСП алушылар саны 17,6 %-ға кеміді. (2020 жыл қаңтар-маусым 582 отбасы)
1009 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр (о.і 809 азамат немес 80,2%). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 11,2 %-ға кеміді кеміген. (2020 жыл қаңтар-маусым 1123 азамат)
А.ж. 2118 азамат белсенді шаралармен қамтылды.
Оның ішінде:
2021 жылы 637 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 266 азамат бастау бизнес оқуға жолдама алды.
Жыл басынан әлеуметтік жұмыс орындарына 67 адам жолданды (игерілгені 6,4 млн. тг). Жоспар 60 адам (16,4 млн. тг), орындалуы 112 %. (16,4 млн. тг).
Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар – 165 адам (72 196 мың тг). Бүгінгі күнге 188 жас маман жолданды немесе 113 % орындалды. (2020 жыл қаңтар-маусым 137 азамат)
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру жоспары – 900 адам, жолданғаны 639 адам немесе 64,4% (игерілген қаржы – 230,1 млн. теңге). (2020 жыл қаңтар-маусым 390 азамат)
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында 62 жоба 432,6 млн.теңге шағын несие берілді.
300 адамға (175 млн.тг) қайтарымсыз грант берілді. Жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. Қосымша 300 адамға 175 млн.теңге қаржыға сұраныс берілді. Қаржы қаралған жағдайда жоспарды 2 есе орындауға мүмкіндік бар.