
🔰Мектеп - баланың үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын алтын ұя кез - келген арманы биік оқушы үшін ыстық көрінетіні анық. Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жанғозы Жаркенов Д.Қонаев атындағы мектебінде болып, барлық ата- аналарды, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Шара барысында Жанғозы Өмірғалиұлы жас ұландардың ойы озық, оқуда алғыр болуына тілектестігін білдіріп, саналарына білім нәрін себелей беріңдер деген ізгі тілегін жолдады
🔰Аталмыш білім ордасында алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар шад - шадыман күйге бөленді. Салтанатты кеш мектеп өнерпаздарының ән шашуына ұласып, мектеп өнерпаздары әннен шашу шашты. Сонымен қатар, мектептің жанынан Прокурор сыныбы ашылды. Бұл өз кезегінде мектептің ішкі тәртібін сақтауға ықпалын тигізері сөзсіз. Айта кетейік, жаңа оқу жылына - 8700 - ден аса оқушы білім алады. 1-ші сыныпқа қабылдауға 900 оқушы өтініш қабылданды. Жалпы білім беру нысандарында - 1734 педагог қызмет етуде.