«ҚАРАТАУ» ТАУ-КЕН ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

«ҚАРАТАУ» ТАУ-КЕН ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

 

🔰Жаңатастың тарихы — талай ұрпақтың еңбегімен жазылған тарих. Бұл — қаланы қалыптастырған, өндірісті дамытқан және күнделікті еңбегімен өңіріміздің экономикасын нығайтқан адамдардың тарихы. Кеншілер күні мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің 80 жылдық мерейтойы — кәсіби мамандардың ғана емес, ең алдымен, еңбек адамдарының мерекесі.

🔰Бүгін Орталық алаңда кеншілер күні мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің 80 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті. Шара шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Кешке қатысқан аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, кеншілерге қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тіледі. Мұнан соң «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Бөлеген Жакупов, «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» басқарма төрағасы Мұқаш Ескендіров және "Әділет " партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов сөз сөйлеп, тарихы тағылымды кәсіпорынның еліміздің экономикасына қосатын үлесіне тоқталды. Ауданымыздың кәсіпорын саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлеріне "Облысқа сіңірген еңбегі үшін", "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" III дәрежелі «Кенші даңқы», «Құрметті кенші», "Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгілерімен, облыс әкімі мен аудан әкімінің, "Әділет" партиясы Жамбыл облыстық филиалының және кәсіподақ төрағасының
Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сондай-ақ, аталмыш кәсіпорынның 80 жылдығына арналған спорттық іс-шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар мен дипломдар берілді.

🔰Кеш барысында лэд экранда «Қаратау ТКӨК 80 жылдық тарихы» атты бейнеролик көрсетілді. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, эстрада жұлдыздары Алмасхан Насыров, Досбол Нурылла, Жаздаурен, Alham және Баянсұлу ән шырқап, көрермендердің ықыласына бөленді. Концерт соңы отшашуға ұласты.