"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАР СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАР СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

🔰Қазақта "Тазалық - иманнан" деген жақсы сөз бар. Расында тазалықты сақтау, табиғатты аялау әрбір азаматтың асыл міндеті болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып отырған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы қоғамның тазалыққа бет бұруының басты көрінісі.

🔰Осы орайда, бүгін Орталық саябақта "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастар сенбілігі өтті. Тазалық шарасына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов сөз сөйледі: - Бүгін біз Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен іске асып отырған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бас қосып отырмыз. Тазалық - игі істің бастауы, табиғатқа деген жанашырлық. Бүгінгі шараның мақсаты - табиғатты аялау, жастарды қоғамдық істерге тарта отырып, ауламыздың көркеюіне атсалысу. Жайдары жаздың шуақты күнінде жасалып отырған игі шара - жақсылықтың бастауы болары анық, - деген аудан басшысы аталмыш игі істің маңыздылығына тоқталды. Мұнан соң Сәкен Үмбетұлы саябақтың ішін аралап, тазалық шарасының жай күйін бақылады. Акцияға қатысушылар белгіленген жерлерді күл қоқыстан тазартып, шөптерді жұлып, талдарды әктеді. Осылайша, тазалық жанашырлары бірлікпен табиғатты аялаудың үлгісін көрсете білді.