
🔰Байқадам ауылдық округінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков нысандарды аралады. Аралау барысында жеке кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, алдағы жоспарларын тыңдады. Ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Дана Рысбекова Б.Сұлтанғазиев көшесі бойында орналасқан кәсіпкерлік нысанның құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізіп, оған 42 млн теңге инвестиция салған. Қазіргі таңда аталған нысанда кондитерлік цех пен кофетерий ашу мақсатында «Ауыл аманаты» жобасының 5-бағыты бойынша несие алуға қажетті құжаттарын рәсімдеуде.
🔰Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Шубай Дәуірбаев Байқадам ауылдық округінің босалқы жерінен 1 гектар жер алып, бау-бақша шаруашылығын дамытып келеді. Ол 2023 жылы Меркі ауданынан әкелінген алма және алмұрт көшеттерін отырғызып, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізген. Бүгінде жеміс ағаштары алғашқы өнімдерін бере бастады. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Дүйсенбай Ниетбеков 2 гектар егістік алқапқа қауын-қарбыз егіп, диханшылықпен айналысуда. Өндірілген өнімдерін жәрмеңкелерге шығарып, ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынуда. Жұмыс сапары барысында кәсіпкерлер мен шаруалардың атқарып жатқан жұмыстары зерделеніп, алдағы жоспарлары талқыланды.