АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

🔰Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ақпараттық түсіндіру мақсатында актив отырысын өткізді. Жиынға сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары
Бекжан Кеңесбек, аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімінің орынбасары, қала және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңесінің және алқа би кеңесінің төрағалары, мекеме - кәсіпорын басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, хатшылар мен мекеме және бөлім басшылары қатысты.

🔰Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауын ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа- жоспарын және Жамбыл облысы әкімдігінің облыстағы қоғамдық- саяси ахуалдың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарларымен бөлісті. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы алдағы науқанда ақпараттандырудың маңызын жеткізіп, жиынға қатысушыларды белсенді болуға шақырды.