СУ КАНАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

СУ КАНАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар су каналдарының құрылыс жұмыстарын аралады. Аудан басшысымен бірге аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ануар Қоянтай және "ҚазСуШар" РМК Жамбыл филиалы "Сарысу" өндірістік бөлімшесінің бастығы А. Жұпарбеков те қатысты. Аралау барысында Сәкен Үмбетұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, мердігерге құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

🔰Бүгінде аудандағы 10 ішкі каналды «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы шеңберінде каналдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.
Жобалардың жалпы ұзындығы 59,4 км құрайды. Оның ішінде 29,3 км темірбетон науалармен (ЛР-10, ЛР-8), ал 30,1 км Г-блоктармен қаптау көзделген. Барлығы 109 бірлік гидротехникалық құрылыс нысандарын салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігерлер тарапынан арнайы құрылыс техникалар, инженерлік-техникалық қызметкерлер және жұмыс күші жұмылдырылған.
«Ынталы» су жүйесі бойынша – 1 кезекте Тасарық пен Сарыөзек каналы, 2 кезекте Байшахан, Өтес, Кедей каналдары, 3 кезекте Жаңа және Ескі Кәрітоған каналдары. «Бүркітті» су жүйесі бойынша – 1 кезекте Төменгі Бүркітті каналы, 2 кезекте Киров және Қызыл-Ту каналдары.
Бүгінгі күні жұмыстар «Тасарық», «Кедей», «Байшахан» және «Төменгі Бүркітті» каналдарында басталған. Каналдар бойындағы қамыс пен бұталарды кесу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, канал жолдарының (трасса канала) горизантальді теңдіктері шығарылып, канал бойында бермаларды қалыптастыру жұмыстары жүргізілген. Г-тәріздес блоктар мен ЛР-10 науалары жеткізіліп, құрылыс- монтаждау жұмыстары басталған. Әр әкімшілік аумақ бойынша шаруашылықтармен кездесулер өткізіліп, қай канал уақытша жабылатыны, қай каналмен қанша рет су берілетіні бойынша жиын өткізіліп, түсіндірілді. Құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарымен келісімделіп атқарылатын болады.