ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ ҚАРА НАРЫ - АСАНӘЛІ

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ ҚАРА НАРЫ - АСАНӘЛІ

🔰Жайылма ауылдық клубында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, даңқты кино және театр актері, жерлесіміз Асанәлі Әшімовты еске алуға арналған іс - шара өтті. Алдымен шара шымылдығы Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығына арқау болған көрініспен ашылды. Мұнан соң ауыл өнерпаздары концерттік бағдарлама қойып, өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімова мен ұлы кіші Асанәлі, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

🔰Шара соңында Асанәлі Әшімовтың рухына арналып, құран оқытылып, ас берілді. Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы аңыз тұлғаның өмірі мен мәдениет саласындағы еңбегіне тоқталып, театр және кино тарланының жарқын бейнесі мәңгілік есте қалатынын айтты. Мұнан соң Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімова мен аудандық зиялы қауым өкілдері де естеліктерімен бөлісіп, тау тұлғаның шығармашылығын тереңінен тербеді.