ШАТ КҮЛКІСІ СӘБИДІҢ...

ШАТ КҮЛКІСІ СӘБИДІҢ...

🔰Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап, мейірімге бөлейтін күн. Расында балалардың жүзіне күлкі сыйлаудан артық бақыт бар ма? Осы орайда бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кешенді іс-шаралар легі өткізілді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Бала - болашақтың шамшырағы» атты мерекелік іс - шара ұйымдастырылды.

🔰Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі: - Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз, - деді. Мұнан соң аудандағы бірқатар белсенді балаларға аудан әкімі мен аудандық білім бөлімінің марапаттаулары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды. Мерекелік шара барысында балалар - жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Асфальтқа сурет салу» және «Эстафеталық ойындарға» белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталып бағалы сыйлықтар тапсырылды.

🔰Орталық алаңда сурет және қолөнер көрмелері қойылып, аудан басшысы балалардың туындыларын тамашалады. Орталықтың өнерпаз жастары ән шырқап, би билеп, шараның көркін кіргізді. Балаларды қорғау күніне арналған шаралар қала мен барлық ауылдық округтерде жалғасуда.