
🔰Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы еліміз бойынша аталып өтуде. 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай, қаламыздағы "Даңқ" монументінде гүл қою шарасы өтті.
🔰Митинг бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алумен басталды. Шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов сөз сөйлеп, майдангерлердің ерліктері ұрпақтар жадында мәңгілік сақталатынын жеткізді.
🔰Митинге қатысушылар тарих толқынында қасіретімен есте қалған сұм соғыстың енді болмауын тілеп, ардагерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.