
Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратында «Күй – құдірет, күй - кие» тақырыбында жас күйшілер арасында байқауы өткізілді. Бұл байқау – тек сайыс емес, бұл — жүрекпен тілдесудің, өнермен ұғынысудың сәті. Домбырадан төгілген күй – халқымыздың тарихы, арманы, мұңы мен қуанышы. Күй – бабамнан қалған қасиетті мұра, күй – халқымның жүрегінің жыр-дастаны.
Байқауда Жаңатас қалалық өнер мектебі, Саудакент саз мектебі, Ы.Дүкенұлы атындағы балалар саз мектебі, Тоғызкент, Жайылма, Игілік, Жаңаарық ауылдық округтерінен жалпы саны 31 қатысушы бақ сынасты. Күй байқауы 2 кезеңнен өткізілді. 1 кезең - «Шебер саусақ» кезеңі. Бұл кезеңде күйшілер кез келген дәстүрлі күйлерді өз таңдауы бойынша орындады. 2 кезең - «Күй тарланы» кезеңінде заманауи эстарадалық күйлер тартылды.
Байқауға «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Пірімбек, Жаңатас қалалық өнер мектебінің домбыра класының мұғалімі, Ғ.Тулешов, «Қазақстан авторлары» қауымдастығының мүшесі, күйші-домбырашы, Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің ұстазы О. Махамбетов қазылық етті. Қазылар шешімімен ерекше дарынымен көзге түскен А.Айтбай бас жүлдені жеңіп алса, М.Нарбай І орын иеленді. Мектепберген Айару, Сәрсен Нұрислам ІІ орын, Е.Тілеуқара, А.Баянды, Д.Пернебай ІІІ орындарға ие болды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, естелік сыйлықтар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.