🌾 Ауыл шаруашылығын дамыту – басты басымдық!

🌾 Ауыл шаруашылығын дамыту – басты басымдық!

📍 Сарысу ауданында агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бағытында маңызды қадам жасалды. Ауданға заманауи 2 агродрон сатып алынды.

Аталған техникалар егістік алқаптарын өңдеу, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын дәл әрі тиімді енгізу үшін пайдаланылады.

🔹 Жобаның мақсаты – ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру және заманауи технологияларды енгізу

«Ауыл аманаты» жобасы аясында несие қаражаты есебінен Жаңатас қаласындағы «Ақберен-Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі DJI Agras T40 Agroscope Max Power және DJI Agras T50 агродрондарын сатып алды.

Жұп пропеллерлермен жасалатын күшті ауа ағындары химикаттардың өсімдік жапырақтарына жақсы енуіне ықпал етеді, ал дискілі шашыратқыштар кәдімгі бүріккіштермен салыстырғанда енгізудің мінсіз біркелкілігін және жолақтың ені 11 метр болғанда сағатына 22 гектарға дейін жететін анағұрлым жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Шашу жүйесін орнату кезінде өнімділігі сағатына 1,5 тоннаға дейін тыңайтқыштар/тұқымдар енгізілуі мүмкін.

Агродрондарды қолдану нәтижесінде:

✔️ шығындар азаяды

✔️ уақыт үнемделеді

✔️ өнім сапасы артады

✔️ экологиялық әсер төмендейді

Бұл бастама – ауыл шаруашылығын жаңғырту мен тиімділігін арттыруға бағытталған нақты қадам.