
Құрметті кітапхана қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді 23 сәуір – Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітап — өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Бүгін — кітаптың мерекесі, барша оқырманның қуанышы. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» деп бекер айтпағаны белгілі. Бұл ретте Президентіміз Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», - деген болатын.
Бүгінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері оқырмандар санын арттыруда белсенді жұмыс жасауда. Ауданда 26 кітапхана мен 21 цифрландырылған орталық бар. Кітапханалар жүйесінде 117 қызметкер жұмыс істейді. Сондай ақ, көзі көрмейтін зағип жандардың кітап қорын өз игіліктеріне пайдалану үшін «Зағип және көзі әлсіз көретін азаматтарға» арналған бөлімі, сонымен қатар кітапхана жұмыстарын автоматтандыру, оқырмандарға қызмет көрсету, кітап қорын өңдеу және толықтыру, ақпараттық – библиография, кітапхана ісін дамыту бөлімдері жұмыс атқарады. Жолдауларды насихаттау, оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстелдер, кездесулер кеші, сұрақ - жауаптар кеші, әдеби - музыкалық кештер, танымдық сағаттары, кітап көрмелері, пресс стол, әдеби круиз, әдеби бейне, өлең баттл, естелік сағат, библиошар, шығармашылық кеш, толеранттылық кеші, достық қонақ алаңы, этнографиялық колейдаскоп, өзекті диалог сынды іс - шараларды ұйымдастыруда кітапхана ұжымының еңбегі зор.
Қадірменді кітап жанашырлары!
Руханиятымыздың алтын қазығы болған кітаппен бірге сусындай берейік! Кітапты жастана оқитын оқырмандардың саны арта берсін! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Сәкен Мамытов