Пайдаланылмайтын жерлерге салынатын салық 40 есе арттырылады

Пайдаланылмайтын жерлерге салынатын салық 40 есе арттырылады

⚖️📄📌 Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 622-бабының 10-тармағына сәйкес, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында – жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап қырық есеге ұлғайтылады.