
🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов бастаған аудандық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары Орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күнінде өткізіліп жатқан думанды кешті тамашалады. Аудандық әкімдіктің алдына жиылған әжелер қауымы дәстүрлі әндерді шырқап, қарсы алды.
🔰Алаңда мекеме және кәсіпорындар, сонымен қатар, қала мен ауылдық округтердің қазақы көріністі айқындайтын киіз үйлерде "Тұсаукесер", "Ұршық иіру", "Жүн түту", "Сырға салу" сияқты түрлі көріністер қойылды. Жиналған халықтың қарасы мол. Келушілер ұлттық киіммен сән- салтанат құрып, шад-шадыман күй кешуде. Алтыбақан тепкен көңілді қыз - жігіттер ауылдың алты ауызын тамашалады.