АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ - ҚАЗАҚ ЕЛІ

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ - ҚАЗАҚ ЕЛІ

🔰Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін, елімізді жаңа белестерге жетелейтін біздің ауызбіршілігіміз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз елдің ынтымағы мен бірлігінде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарын ұмытпай, ұрпақтар сабақтастығына ықпалы тиіп отыр.

🔰Аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған "Алғысым шексіз-қазақ елі" атты мерекелік іс - шара өтті. Келушілер алдымен фойеде этно - мәдени орталықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татты. Мерекелік шара «Әулие ата», «Манас» , «Возрождение», «Дустлик», «Карио», «Родонеж», «Барбанг» және «Сабанжуй» этно - мәдени орталықтары өкілдерінің алғыс айту күніне арнаған лебіздерімен ашылды.

🔰Шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешіп жүрген этнос өкілдерінің қоғамның ажырамас бөлігі екенін жеткізді. Ауданымыздың әлеуметтік дамуына белсенді үлес қосып жүрген бірқатар этнос өкілдеріне аудан басшысы марапаттаулар мен бағалы сыйлықтарды тапсырды.

🔰Бірлік пен ынтымақтастық ұштасқан кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Лэд экраннан арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Көрермендерді әсіресе "Сарысу" халықтық театрының «Жерұйық» театрландырылған көрінісі ерекше әсерге бөледі. Аудандық мәдениет үйінің әншілері бірлік пен асқақ рухты шырқаса, "Айжанқыз" халықтық бишілер ұжымы татулықты ту етіп, мың бұрала биледі.