ЖАҢАТАСТА ЖАРҚЫН ІСТЕР БАР

ЖАҢАТАСТА ЖАРҚЫН ІСТЕР БАР

🔰Болашағы баянды, келешегі кемел жарқын қала - Жаңатас бүгінде күннен күнге көз тартарлық келбетімен гүлденуде. "Елу жылда ел жаңа" дегендей, тоқырау кезеңдерді артқа қалдырып, еңсесін түзеген жасампаз қала қазірде қайта түрленіп келеді. Құлашын кеңге жайған "Кеншілер шаһарында" ауқымды істер атқарыла бермек.

🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Сәкен Мамытов қала тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында аудан деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетті. Сонымен қатар, Жаңатастағы жүзеге асқан жобалар мен жасалған жұмыстарды тілге тиек етті. 2025 жылы Жаңатас қаласында 32 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде қала жолдарын қысқы күтіп ұстау, қала ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу, қаладағы қоқыс алаңшаларын ағымдағы жөндеу жұмыстары, қала ішінен 6 жерге аялдамаға бейнебақылау камераларын орнату,
қаладағы көшелерге заманауи жарық шамдар орнату, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты көптеген жобалар сәтті жүзеге асты.

🔰Аудан басшысының есебін тыңдаған тұрғындар оң бағасын беріп, қаламыздың гүлденуіне аянбай еңбек етіп жүрген Сәкен Үмбетұлына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар мәселелерді көтеріп, шешілу жолдарын қарастыруды сұрады. Көптің тілегін тыңдаған аудан басшысы Заң аясында жауап беріп, мәселелердің шет қалмайтынын айтты. Кездесуден соң аудан әкімі азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.