ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы — еліміздің ең жоғарғы заңдық күші бар негізгі құжаты. Ол мемлекеттің құрылымын, басқару нысанын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының қызмет ету қағидаттарын айқындайды.

Ата Заңға сәйкес:
– адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылады;
– заң мен сот алдында барлық азамат тең;
– мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады.

Конституция қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік басқарудың ашықтығын, есептілігін және әділеттілігін қамтамасыз етудің құқықтық негізін қалайды.

Конституциялық нормаларды сақтау — әрбір азаматтың азаматтық міндеті. Ата Заң талаптарын құрметтеу арқылы біз құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, еліміздің тұрақты дамуына үлес қосамыз.

Конституция — мемлекеттің беріктігі мен қоғамның бірлігінің кепілі.