
🔰Реформа халыққа өз ұсыныстарын білдіруге, қоғамдық кеңестер мен форумдарға қатысуға мүмкіндік береді. Халықтың белсенді қатысуы саяси жауапкершілікті күшейтеді және мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтады. Бұл қағидат арқылы қоғамдық бақылау мен демократиялық басқарудың жаңа формалары енгізіледі. Азаматтық белсенділіктің артуы мемлекет қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың жаңа Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатындағы кездесуі Саудакент ауылында жалғасты.
🔰Кездесуде аудан басшысы жаңа норма қоғамдағы әділеттілік пен теңдікті сақтау үшін маңызды екенін, халықтың ұсыныстары мен пікірлері заң қабылдау процесінде нақты ескерілетін болатынын айтты. Бұл жергілікті және ұлттық деңгейде тұрақты, сенімді басқаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, Конституция жобасы халық қатысуын күшейтуді және саяси жүйені теңгерімді ету арқылы қоғам сенімін арттыруға бағытталғанын жеткізді.