
Құрметті Жаңатас қаласының тұрғындары!
Үстіміздегі жылдың 6 ақпанында қатты желдің соғуына байланысты, қаладағы кейбір тұрғын үйлердің шатырлары ұшуда.
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Сіздерден аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауларыңызды және көшеде абайлап жүрулеріңізді сұраймыз!
Сонымен қатар, қаладағы мектептерде азанғы ауысымда оқитындар онлайн оқу жүйесіне ауысқанын хабарлаймыз!