V бөлім. Үкімет – тек редакциялық өзгерістер VI бөлім. Қазақстан Халық Кеңесі (жаңа)

V бөлім. Үкімет – тек редакциялық өзгерістер  VI бөлім. Қазақстан Халық Кеңесі (жаңа)

1.​Қазақстан Халық Кеңесі бойынша негізгі ережелерді бекіту: Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан қалыптастырылады. ​Қазақстан Халық Кеңесінің құрылу, құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.
2.​ Қазақстан Халық Кеңесі мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастықты нығайту; Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары мен жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету өкілеттіктері бекітілді;
3.​Қазақстан Халық Кеңесіне Құрылтайға заң жобаларын енгізуге, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқық берілді.