
🔰Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі
ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
📌Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша "Әкімшілік айыппұлдар салу, өндірудің жағдайы және қылмыстық істерді электронды нысанда жүргізуді қамтамасыз ету шаралар туралы" Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы баяндама жасады.
📌Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 ж.ж. арналған тұжырымдамасына сәйкес бекітілген «Әр түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» орындалуы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар" аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімованың есебі тыңдалды.
📌Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін және лудомания профилактикасын алдын алу туралы" аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Мадина Прімбек атқарылған жұмыстарға тоқталды.
🔰Комиссия отырысында Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын және шығарылатын мәселелер тізімі бекітілді. Аудан басшысы баяндамашыларға құқықбұзушылықтың алдын алуда жұмыстарды жандандыру туралы тиісті тапсырмалар жүктеді.