
🔰Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен іске асқан "Әулиеата - кітап оқитын өңір" жобасы әрбір тұрғынның рухани әлемін байытып, жастарды ізденіске, ойлау мәдениетіне баулыған, ой-өрісін кеңейткен, әдебиет әлеміне жол ашқан ерекше бастама болды.
🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде "Әулиеата - кітап оқитын өңір" жобасының қорытынды шарасы өтті. Салтанатты кешке қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жобаға атсалысқандарға ризашылығын білдірді. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда және Жаңаталап ауылдық мектебінің оқушысы, «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» облыстық шығармашылық байқауының 1 орын иегері Дайыр Ақмерей де ізгі тілектерін жолдап, жобаның құндылығы туралы тарқата кетті.
📌«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында белсенділік танытып, үлес қосқан үздік оқырмандар мен кітап жанашырлары «ЕҢ ҮЗДІК ОҚИТЫН ҚАЛА» байқауында 1 - ші орынды Жаңаарық ауылдық округі, 2 - ші орынды Қамқалы ауылдық округі және 3 -ші орынды Жаңатас қаласы марапатталды.
📌Сонымен қатар, «ЕҢ ҮЗДІК ОҚИТЫН МЕКТЕП» байқауында 1 - ші орынды М.Әуезов атындағы мектеп - гимназиясы, 2 - ші орынды М.Әуезов атындағы орта мектебі мен Ақтоғай орта мектебі, 3 - ші орынды Жаңаталап орта мектебі мен Д.Қонаев атындағы орта мектебі иеленді.
📌Сондай - ақ, «ЕҢ ҮЗДІК ОҚИТЫН ОҚЫРМАН», «ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА», «ЕҢ ҮЗДІК ОҚИТЫН ҰЖЫМ» номинациялары бойынша бірқатар оқырмандар мен ұжым лайық деп танылды.
🔰Шара концерттік бағдарламаға ұласып, кітапхана қызметкерлері әдеби композиция қойылымын ұсынса, аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты. "Айжанқыз" халықтық бишілер ұжымының биі салтанатты шараның көркін кіргізді.