
✅Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы кеңейтілген отырысы өтті. Фракция отырысына аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова,аудандық мәслихатындағы фракция мүшелері және Саяси кеңес, бюро мүшелері қатысты.
✅Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша " «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы" аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есебі тыңдалды.
📌Бүгінде Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі аймақтық Жол карта аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жол картамен 5 бағыт айқындалып, 71 көрсеткішке қол жеткізу карастырылып, 2025 жылы оның 62-ын орындау жоспарланған. Есепті кезеңде 35-і орындалды. 7-уі орындалу үстінде.
✅Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "AMANAT» партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы" баяндап өттім. Жоспарда фракция отырыстарын өткізу, «AMANAT» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы мүшелерінің партия аудантық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауларын ұйымдастыру, сайлаушылармен кездесу өткізу, «AMANAT» партиясының Саяси Тұғырнамасының іске асуын қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер қамтылған.
📌Сонымен қатар, партияның бағдарламалық құжаттарының, мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламаларының іске асырылуына, бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануына партиялық бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру, өкілеттіктерінің шегінде мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың есептерін тыңдау, талқылау және мәслихаттағы депутаттық фракцияның қарауына ұсыну. депуттаттық фракция тарапынан берілген ұсыныстардың орындалуын бақылау назардан тыс қалмау қажет екеніндігін айттым.
📌Бұл ретте қоғамның саяси өміріне және Партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмыстарына қатысу мәселелері, ауданда саяси, моральдық - психологиялық ахуалдың тұрақтылығын, ұлтаралық татулықты, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің жергілікті ұйымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз ету, ұлттық салт-дәстүрдің, тілдің, діннің, мәдениеттің нығаюында белсенділік таныту көзделуде.
✅Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, фракция мүшелері жол картасының орындалуы туралы ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Атап айтсақ,
📌" Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану" мамандығы бойынша маман дайындау үшін келесі оқу жылына мемлекеттік тапсырыс беруге Сарысу ауданы жұмыспен қамту орталығы атынан мамандарға сұранысты облыстық жұмыспен қамту орталығына уақытында берілуі,
📌Аудандағы газ мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
✅Жиында көтерілген мәселелерге аудан басшысы жауап беріп, мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ететіндігін жеткізді. Көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды. #AMANAT #AMANATJAMBYL #AMANATSARYSU