ҚАЗАҚ ӨНЕРІ ҚАРА НАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

ҚАЗАҚ ӨНЕРІ ҚАРА НАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Қазақ халқына біткен маңдайалды перзенті, Сарысудың ғана емес күллі қазақтың мақтанышына айналған Асанәлі Әшімовтың қазасын ауыр қабылдадым.

Асанәлі Әшімов тек актер ғана емес, бір бойына сан талантты сыйдыра білген алып тұлға еді. Оның әрбір сөзі - ұлт руханиятының баға жетпес құндылығына айналды.

Қазақ киносының өрлеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, саналы ғұмырын ғибратпен өткізген таудай тұлғаның жарқын бейнесі әркез есте қала бермек.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Қош болыңыз, Ғасыр тұлға!

Аудан әкімі, Сакен Мамытов