Құрметті еңбек ардагерлері мен сала қызметкерлері!

Құрметті еңбек ардагерлері мен сала қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке - Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Энергетика саласы еліміз үшін басымдылыққа ие іргелі сала. Бүгінде үкімет тарапынан басты назар мен қолдаулар жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев станциялардағы жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қолдау үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаңғырту, іске қосу және оған инвестициялар тартудың маңыздылығына бірнеше рет тоқталып, үкіметке арнайы тапсырма берді.
Бүгін біз энергетика жүйесін реформалау қарсаңында тұрмыз, еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарының өндірістік объектілерін, оның ішінде энергетика саласын жаңарту бойынша күрделі жұмыстар күтіп тұр.
Алда кәсіпорынның өндірістік қызметін жетілдіру бойынша ұзақ мерзімді міндеттер мен перспективалық жоспарларды іске асыру мәселесін назарда. Еліміз экономикасының дамуы және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатының көтерілуі энергетика саласымен қалыпты қызметімен тікелей байланысты екенін терең сезіну қажет.

Соңғы кездері ауданда "Жаңатас жел электр станциясы" және «Шоқпар жел электр станциялары» қарқынды қарыштап келеді. Қаланың инфрақұрылымын дамытуды басты мақсат еткен аталмыш кәсіпорындардың болашағы жарқын екені даусыз. Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясын салу жобасы қытайлық Visor Inernational DMCC және China Power International Holding Limited корпорацияларымен серіктестіктігімен іске асырылды. "Жаңатас жел электр станциясы 2021 жылы 100 МВт (2,5 МВт - 40 турбина) толық жобалық қуатымен іске қосылса, Шоқпар жел электр станциясы 2023 жылы (2,5 МВт – 22 турбина) іске қосылды. Аталған электр станциялар күн сайын шамамен 1 миллион кВт / сағ электр энергиясы өндірілуде. Басты мақсат – электр энергетикасы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қытайлық серіктестерді тарта отырып, компания жел генераторларына арналған бөлшектердің өндірісін жолға қою.

Кәсіпорындар іске қосылғаннан бастап ауданның дамуына үлкен үлес қосуда. Мәселен, 2019 жылы Сарысу аудандық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйға тартса, 2021 жылы Жаңатаста «Ынтымақ» аллеясын, 2022 жылы «Ақбұлақ» бассейнін, биыл Жаңатас қаласының орталық алаңында ашық аспан астындағы сахна орнатқан. Осыған орай, Мерейлі мереке қарсаңында отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!

Құрметпен, Сакен Мамытов