ӘР АДАМ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН БІЛУ МІНДЕТТІ

ӘР АДАМ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН БІЛУ МІНДЕТТІ

🔰Заң мен тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты. Заңдар тәртіп орнатуға бағытталған, ал тәртіп оның орындалуына кепілдік береді. Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тәртіптің болуы өте маңызды.

🔰"Заң мен Тәртіп" жобасы аясында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен ашық алаң Байқадам ауылдық округінде өткізілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Болат Айтжанов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

🔰Ашық алаңда қазіргі қоғамда заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі екендігі айтылып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы талқыланды. Кездесуге қатысушылар көкейкесті ойларын ортаға салып, өзекті мәселелерге тоқталды.