
🔰Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның құқығы мен бостандығы анық белгіленген. Бұл құқықтарды сақтау — мемлекеттің де, азаматтардың да ортақ міндеті. Полиция мен сот органдары заңның орындалуын қамтамасыз еткенмен, ең бастысы — әр адамның ішкі жауапкершілігі мен ар - ожданы.
🔰Осы орайда, "Заң мен Тәртіп" жобасы аясында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен ашық алаң Жаңаталап ауылдық округінде жалғасты. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Аслан Жақыпбеков, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
🔰Кездесу барысында заңға бағыну — бұл тек қорқыныштан емес, азаматтық сана мен мәдениеттің көрінісі екендігі айтылды. Сондай - ақ, адам заңды өз еркімен түсініп орындағанда ғана шын мәнінде құқықтық мемлекет құрылатындығын, бүгінгі таңда «Құқықтық мемлекет» ұстанымы билік пен халықтың заң алдында теңдігін білдіретіндігі туралы тақырып қозғалды.