ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰Кез - келген дербес мемлекеттің нормативтік құқықтық актілері қалыптасып, бекітіледі. Темірдей тәртіп бар жерде, елдің ырысы артып, тыныштығы сақталмақ. Ол үшін қарапайым ғана қағидаларды сақтай отырып, тәртіпке мойынсұнған жөн.

🔰Осы орайда, "Заң мен Тәртіп" жобасы аясында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен бүгін Игілік ауылдық округінде ашық алаң өткізілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Қанат Сатов, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

🔰Шарада қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты екендігі, әртіп — сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез - құлқының қоғам талабына сай болуы туралы кеңінен ақпараттар берілді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алынып, бірқатар мәселелер талқыланды.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК