МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ҰЛЫҚТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ҰЛЫҚТАЛДЫ

🔰Республика күні - бұл егемендіктің, елдіктің көрініс тапқан мерекесі. Бабаларымыздың аңсап жеткен бостандықтың ақ таңы атып, дербес елге айналдық. Ұлық мерекенің ұлтымыз үшін бағасы қымбат екені анық. Осы орайда, 25 қазан - Республика күні мерекесінің аясында бүгін «Еңбек ерлері» аллеясындағы тұғырлы көк Туымызды көтеріп, Әнұранымызды шырқауға арналған іс-шара өткізілді.

🔰Орталық алаңға жиылған халықтың қарасы қалың болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесі – Үндістан мемлекетінің Дели қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Нұр Аманшүкір, Алматы қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында оң қол бойынша әлем чемпионы Сандуғаш Сейдіш және Славакия мемлекетінде өткен Еуропа кубогінің қола жүлдегері Нұрдос Досбергенге беріліп, тұғырдағы Туымыз көкке көтерілді.

🔰Іс - шара Мемлекеттік Гимнмен ашылып, жиылғандар Мемлекеттік Әнұранды ерекше рухта орындады. Егемендікке арналған іс - шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндерді орындап, көпшілікті серпілтті. Қазақтың егемендігін паш еткен ұлық мереке осылайша жоғары деңгейде аталып өтті.