
🔰Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілді. Бүгін аудандық мәдениет үйінің фойесінде аталмыш мерекеге орай, "Кітапханашы - мәдение жаршысы" атты мерекелік шара өтті.
🔰Іс - шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына табыс, зор денсаулық тіледі. Мұнан соң аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов пен "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев және КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, қаламгер Бергентай Нұрмаханұлы да ізгі тілектерін жолдады. Ауданның мәдени саласы мен руханиятын дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандары мен ардагерлеріне ҚР Ұлттық Кітапхана, ұлттық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың және "AMANAT" партиясы аудандық филиалының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылып, бағалы сыйлықтар берілді.
🔰Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып аудандық мәдениет үйінің әншілері барша кітапханашыларға арнап әннен шашу шашты. Сондай - ақ, экраннан «Кітапханашы – рухани қазына сақшысы» атты бейнеролик көрсетілсе, ақын Самат Тоқбанов арнау жырын оқыды. Кітапхана қызметкерлері ақын Үміт Битенованың "Кітапханашылар" өлеңін мәнерлеп оқып берді.