БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ 30 ЖЫЛ

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ 30 ЖЫЛ

 

🔰Отыз жыл бойы Қазақстан халқы татулықты ту етіп, өзара түсіністік пен сыйластықты сақтап, сан түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осы бірліктің нақты көрінісі – біздің Арыстанды ауылы десек артық айтпаймыз.

🔰Осы орайда бүгін Арыстанды ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.

🔰Іс-шараға «Барбанг» (күрді) этномәдени бірлестігі, «Қазақ» этномәдени орталығы, «Манас» (қырғыз) этномәдени бірлестігі, «Өзбек» этномәдени орталығы, «Радонеж» (орыс) этномәдени бірлестігі, «Карио» (корей) этномәдени орталығы, «Возрождение» (неміс) этномәдени орталығы және «Сабантуй» (татар) этномәдени орталығының өкілдері қатысып, өз халқының салт-дәстүрі мен өнерін паш етті.

🔰Этнос өкілдерінің басын қосқан шарада аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындары мен қонақтарға бейбіт өмір мен ынтымақ тіледі. Мұнан соң аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Жұмағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы Ақділда Диханбай және аудан прокурорының орынбасары Дархан Мұратұлы ізгі тілектерін жеткізді.

🔰Ауданның тұрақтылығына, этносаралық келісім мен әлеуметтік дамуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар "Ауданға сіңірген еңбегі үшін", "Ауданның құрметті ардагері" төсбелгілерімен, сондай-ақ аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

🔰Мерейлі шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық рухтағы әндер орындады. "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы " ЗТБ іс шараға демеушілік көрсетіп, сый - сияпаттар жасады