Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі С.Мамытовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, жастар орталығының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша "Байқадам ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы
" Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Өксікбаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "Жаңаталап ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы" Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетовтың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша "Аудан жастарының жұмыспен қамтылуы туралы" аудандық Мансаптық орталығы филиалының директоры Данияр Омар атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша "Сарысу ауданында жастар саясатының іске асырылу барысы туралы
" аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Мадина Прімбек баяндады.
Баяндамашылардың есебін тыңдаған аудан басшысы мемлекеттік жастар саясатының сапалы іске асырылуына барлық мекеме, бөлімдер мен қала және ауылдық округ әкімдері жан - жақты қолдау қажет екенін тілге тиек етті.