🔰Отбасы күніне орай, Тараз қаласындағы Достық үйінде "Мәдениетті ана мәдениетті ұлт" республикалық жобасының "Азамат тәрбиелеген отбасы" бағыты бойынша облыстық байқау өткізілген болатын.
🔰Үш кезеңнен құралған сайыстың "Алтын шаңырақ" номинациясы бойынша ауданымыздан қатысқан Есмахановтар отбасы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.
🔰Отбасылық құндылықтар ұлықталған мәні терең байқауға қатысып, ауданымыздың намысын қорғаған Есмахановтар әулетінің жеңісі ауданымыздың жеңісі деп білеміз. Мәртебелі марапат құтты болсын!