Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытов санитарлық - эпидемиологиялық саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдады.
🔰Жиын барысында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, санитарлық - эпидемиологиялық саласының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, аудандық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі Татубай Айбеков те ізгі тілектерін жолдап, сала қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
🔰Ауданымыздың экономикалық - әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер "Ауданға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔰Кездесудің соңында сала ардагерлері аталмыш саладағы елеулі еңбекті елеп, марапаттап жатқан аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді.