БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН

БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН

 

🔰Аудандық мәдениет үйінде «Білім келешегі: «Адал азамат - кәсіби маман» тақырыбында аудандық тамыз конференциясы өтті. Ұстаздардың аудандық тамыз конференциясына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар, білім саласының ардагерлері, облыстық маслихат депутаты Айтбала Жолмаханова және құқық қорғау органдары мен мекеме басшылары қатысты.

🔰Лэд экраннан Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың білім саласы қызметкерлеріне арналған арнайы бейне құттықтауы көрсетілді. Сондай - ақ, жиылғандар «Білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен стратегиялық басымдықтар туралы» бейнебаянды тамашалады.

🔰Аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов «Сарысу ауданы білім жүйесі: даму келешегі мен негізгі міндеттері туралы» баяндама жасады. Мұнан соң «Кәсіптік бағдар беру - болашақ кепілі» туралы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің директоры Ләйла Шукеева және "Цифрлық дәуірдің, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысу" туралы аталмыш орта мектептің мұғалімі Бибіхан Тулеуованың баяндамалары тыңдалды.

🔰Конференцияның қорытындысында аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, конференцияның маңыздылы жайлы кеңінен тоқталып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Аудандық білім саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар сала мамандары Білім Министрінің, облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың және аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.