ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ - ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ - ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

🔰Тазалық - иманның жартысы. Бүгінде табиғатты аялау, тұрғындарды ауланы таза ұстауға шақыру мақсатында тазалық шаралары әсіресе ауылдық округтерде жиі қолға алынып келеді.

🔰Осы орайда, Түркістан ауылдық округінде экологиялық волонтерлік бағыт аясында 'Таза Қазақстан' акциясы өткізілді.

🔰Тазалық жұмыстары барысында волонтерлер қоғамдық жұмысшылармен бірлесіп елді мекен аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

🔰Сондай - ақ, ауыл жастары "Ақмолда" мешітінің аумағын тазалап, ішінің шандарын сүртіп, шөптерін шауып, қоқыстарды жинады. Шара соңында ауыл ақсақалдары жастарға алғыстарын білдіріп, олардың мұндай игі істерге жиі қатысуын тіледі.

🔰Тазалыққа ден қойған Түркістан ауылдық округінің жастары осылайша акцияға белсенділік танытуда.